Құрметті, кешенді тестілеуге (магистратура) қатысушылар!
2021 жылдың 18 маусымында басталған магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу 15 шілдеде аяқталады.
Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге қатысуға өтініш беру үшін:
app.testcenter.kz сайтына кіреді және интерфейс тілін таңдайды;
өтініш беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркеледі (электрондық поштаға келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау қажет);
түсушінің электронды поштасына жіберілген логин мен пароль арқылы авторизациядан өтеді (электронды поштаға келген логин мен парольді тестілеуге кіргенге дейін өшірмеу қажет);
ЖСН көрсетіп іздеу батырмасын басады (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және телефон нөмірін көрсетеді;
«өтініш беру» парақшасына өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» таңдайды;
қажетті тестілеу түрін таңдайды;
тіркеу деректерін толтырады;
түсуші КТ өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растайды;
төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасайды.
Түсушілер өз еркімен тестілеу тапсыру ҚАЛАСЫН таңдайды.
МАҢЫЗДЫ: ТЕСТІЛЕУ ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 18 ШІЛДЕДЕ ТҮСУШІНІҢ ЖЕКЕ КАБИНЕТІНДЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ.