Home Керекті кеңес Алматылықтар мектепте қандай киім кию керек?

Алматылықтар мектепте қандай киім кию керек?

0

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифинг барысында мектеп формасы қандай болуы керегін түсіндірді.

Оның айтуынша, биыл балаларға мектеп формасын ғана емес, ата-ана жағдайы болмаса классикалық үлгіде киінуге рұқсат берілді.

«Мектеп формасы бойынша, ең бастысы ұқыпты классикалық киім кисе болғаны. Шалбар қара-қоңыр, жейде ашық түсті. Футболка киюге болмайды, тек жейде. Аяқкиімге тыйым жоқ. Балаға туфли алуға ата-ананың жағдайы болмаса, бала кеды немесе мокасинмен жүре алады», – деді Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы.

Жалпы Алматыда 278 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 207-сі мемлекеттік, 71-і жекеменшік. Тағы 8 жекеменшік мектеп 1 қыркүйекте ашылады.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version