Home Жаңалық Жаңа қаулы: Вакцина алмаған педагогтер білім мекемелеріне жіберілмейді

Жаңа қаулы: Вакцина алмаған педагогтер білім мекемелеріне жіберілмейді

0

Жаңа оқу жылында вакцина алмаған педагогтер мен персонал білім мекемелеріне жіберілмейді. Бұл туралы ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында айтылған.

Қаулыда педагогтерге, персоналға, ата-аналарға (заңды өкілдерге), келушілерге, студенттерге мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді Ashyq қосымшасы арқылы немесе EGOV mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, www.ashyq.kz платформасындағы баламаларды пайдалана отырып кіруге рұқсат ету тапсырылған.

Ал мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, жоғары оқу орындарына мына адамдардың кіруіне болмайды:

– COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинасы жоқ педагогтар мен персонал;

– жөтел, мұрынның бітелуі, дене қызуы 37 градустан жоғары респираторлық инфекция белгілері бар адамдар;

– QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдар.

Аталмыш құжатта мектептердің бәрінде жаңа оқу жылы штаттық режимде басталатыны да айтылған.

«2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін», – деп жазылған қаулыда.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version