Home Үздік Оқушы Қазақ жастары ғылыммен көбірек айналыса бастады

Қазақ жастары ғылыммен көбірек айналыса бастады

0

Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы ғылыми қызметінде тұрақты өсу байқалды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстанда ғылым 2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заңға және 2015 жылы қабылданған «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 1990-шы жылдары Қазақстанда 289 ғылыми мекеме болды, негізгі ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын қызметкерлердің жалпы саны 50,6 мың адамды құрады», деп хабарлады ведомстводан.

Бүгінгі күні ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен 384 ұйым айналысады, оның ішінде 22 378 адам тартылып, 17 454 маман-зерттеуші жұмыс істейді.

Ғылыми салаларға жастардың ағыны артты. 35 жасқа дейінгі ғалымдардың саны 2011 жылғы 6,4 мың адамнан 2020 жылы 8,1 мың адамға дейін өсті.

«Ғылым туралы» ҚР Заңын іске асыру сәтінен бастап осы жүйенің негізгі құрылымдарының жұмысы жолға қойылды: ҚР Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың (бұдан әрі – МҒТС), ұлттық ғылыми кеңестердің (бұдан әрі – ҰҒК) құрамына ғалымдар, сарапшылар, өндіріс өкілдері, бизнес-құрылымдар кіреді. Ғылымды басқарудың жаңа моделі және ғылымды қаржыландырудың жаңа тетіктері (базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру) жұмыс істейді.

2017 жылы гранттық қаржыландырудың 1547 ғылыми жобасын және 2015-2017 жылдарға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 95 ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру аяқталды. Жобаларды орындаушылар санының 35% (7 413 адам) – жас ғалымдар. Зерттеу топтарының құрамындағы шетелдік ғалымдар саны – 716 адам (ГФ бойынша – 665, ПЦФ бойынша – 51 адам). 222 қорғау құжаты алынды, оның ішінде: патенттер – 201, авторлық куәліктер – 21.

Атқарылған жұмыстар аясында ғылымды реттейтін нормативтік құқықтық база күшейтілді. Атап айтқанда, ғылымды қаржыландыру, МҒТС жүргізу ережелері, ҰҒК ережесі мен құрамы қайта қаралды. НҚА-да жобаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ашық дауыс беру және ҰҒК отырыстарын онлайн-трансляциялау) бойынша қабылданатын шешімдердің ашықтығы арттырылды, жобаларды іріктеудің нақты өлшемшарттары айқындалды, сұратылып отырған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау, МҒТС балдары мен ҰҒК балдарын жинақтау, жобаларды қаржыландыруға бекіту үшін жиынтық балл бойынша саралау енгізілді.

Айта кетсек, министрлік жанынан Жас ғалымдар кеңесі құрылды. Жас ғалымдар үшін алғаш рет 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсы өткізіледі.

Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдардың Scopus деректер базасындағы жарияланымдарының жалпы саны 2011 жылмен салыстырғанда 34 есе (577 – ден 19 879-ға дейін), Web of Science деректер базасында 59 есе (425-тен 25 088-ге дейін) өсті. Соңғы бес жыл ішінде қазақстандық ғалымдардың әрбір бесінші жарияланымы әлемдегі ғылыми журналдардың топ-25%-ына енді.

Ботакөз БАҚБЕРГЕН

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version