Home Керекті кеңес Қазақстанда қанша мұғалім бар?

Қазақстанда қанша мұғалім бар?

0

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта республикамыздың білім беру ұйымдарында 500 мыңнан аса педагог жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 366 мың педагог мектепте қызмет етеді.

Олардың 297 280-і (81 пайыз) әйел, 69 386-сы (19 пайыз) ерлер.
Педагогтердің орташа жасы – 30 бен 44 жас. Бұл жас аралығында елімізде 135 500 педагог бар.

Мұғалімдердің орташа жалақысы қанша?
Министрлік мұндай мәліметін жоғын айтты. Ranking.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, биылғы екінші тоқсанда білім саласындағы қызметкерлердің орташа айлығы 233, 9 мың теңгеге жеткен. Бұл былтырғы дәл осы мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда 26,8 пайызға көп.

БҒМ баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, педагогтердің кәсіби өсуінің жаңа жүйесі енгізілуіне байланысты педагогтер жалақысы лауазымдық жалақы мөлшерінен 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсті.
Осылайша, бүгінгі таңда 158 405 педагог үстемақы алып жатыр:

“педагог-модератор” – 44 456 (28 пайыз);

“педагог-сарапшы” – 57 890 (36,5%);

“педагог-зерттеуші” – 53 611 (33,9%);

“педагог-шебер” – 2 448 (1,6%).

Қай өңірде мұғалім көп?
Республика бойынша мұғалімдер саны ең көп төрт өңір мынадай: Түркістан облысы – 58 574, Алматы облысы – 44 280, Жамбыл облысы – 27 438, Шығыс Қазақстан облысы – 24 187.

Ал қай өңірлерде мұғалім саны аз? Министрлік берген дерек бойынша, елімізде мұғалімі аз өңір – елорда. Нұр-Сұлтанда 11 993 педагог қызмет етіп жатыр. Сонымен қатар, мұғалімі аз өңірлер қатарына Ақмола (10 768) мен Солтүстік Қазақстан (12 109) облыстары кіреді.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version