Home Жаңалық Білім саласында 18 мыңнан астам маманға сұраныс бар

Білім саласында 18 мыңнан астам маманға сұраныс бар

0

Электрондық еңбек биржасында қыркүйек айында кәсіпорындар тарапынан кадрларға, сондай-ақ жұмыс іздеп жүрген адамдарға сұраныстың өсімі байқалды. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы хабарлады.

Орталықтың хабарлауынша, қыркүйекте Электрондық еңбек биржасына 137,9 мың бос жұмыс орны (+22%) және 62,2 мың түйіндеме (+8%) орналастырылды. Оқу жылының басталуына байланысты бос орындардың ең көп санын білім беру саласындағы ұйымдар берген. Қыркүйек айында да білім беру саласындағы мамандарға деген сұраныс артып отыр – 18 мыңнан астам бос жұмыс орны, бұл мектептерде, колледждерде және ЖОО-ларда дәстүрлі оқыту форматына қайта оралуға байланысты болып отыр.

Білім беру жүйесі үшін кадрларға маусымдық қажеттілікпен қатар нарықта от жағушыларға, қазандық операторлары мен қазандық машинистеріне (от жағушылар) сұраныстың өсуі байқалады, олар үшін өткен айға қарағанда өсім 2,9 мыңға жуық бос орынды құрады. Ал қыркүйек айында оларға деген жалпы қажеттілік 3 мыңнан астам бос орынды құрады.

Осы айда сұраныс серпініне әсер еткен тағы бір фактор Қазақстан халқының жалпыұлттық санағы болды. Мәселен, ЭЕБ-да 7,8 мың интервьюер бос орны жарияланды, тамыз айымен салыстырғанда өсім 5,3 мыңды құрады, өңірлер бөлінісінде интервьюерлер үшін бос орындардың ең көп саны Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында орналастырылды.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version