Home Жаңалық Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша тағы 2 оқу орны құрылады

Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша тағы 2 оқу орны құрылады

0

2025 жылдың соңына дейін шетелдің 5 жоғары оқу орнының филиалын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында «BILIMDI ŪLT» баршаға арналған сапалы білім» ұлттық жобасын таныстыру кезінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге тоқталсақ, 2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша жастарды тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100% қамту көзделген. Колледждерге академиялық дербестік беріледі және барлық оқу бағдарламасы еңбек нарығының талаптарына сәйкес жаңартылады. Колледждерді заманауи оқу-өндірістік шеберханалармен жабдықтау жұмыстары жүргізіледі. Барлық колледждерде WorldSkills талаптарын ескере отырып, құзыреттіліктерді анықтайтын демонстрациялық емтихан енгізіледі. Дуальді оқытуға қатысатын кәсіпорындарды ынталандыру есебінен 2025 жылға қарай дуальді оқытумен қамту өседі», деді А. Аймағамбетов.

Сонымен қатар ұлттық жобада жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру ескерілген.

«Сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім гранттарының саны өседі. Оқу бағдарламалары жаңа жағдайларға бейімделеді. Ол үшін инновациялық бағдарламалар әзірленеді, білім беру бағдарламалары еңбек нарығының талаптарына сәйкес жаңартылады. Қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 20 академиялық артықшылық орталығы және Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша 2 озық жоғары оқу орны құрылады. Сонымен бірге 2025 жылдың соңына дейін шетелдің 5 жоғары оқу орнының филиалын ашу жоспарлануда», деді министр.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version