Home Жаңалық Сыбайлас жемқорлық: Аграрлық білім беру орталығының менеджері ұсталды

Сыбайлас жемқорлық: Аграрлық білім беру орталығының менеджері ұсталды

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысының «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ менеджері ұйымдастырған ұрлықтың қылмыстық схемасын ашты, деп хабарлайды Қазбілім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Менеджер өзінің үлестес ЖК мен ЖШС арқылы 30 шаруа қожалығына жайылымдарды суландыру жүйесі үшін күн панельдерін анық жоғары бағамен орнатқан.

Жымқыру сомасы шамамен 66 млн теңгені құрайды.

3 қарашада соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Айыпталушының кінәлі немесе кінәсіз екендігін сот анықтайды.

Тергеу мүддесіне сай ө зге ақпарат жария етілмейді.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version