Home Жаңалық 12 жасқа дейінгі балаларды ата-ана келісімімен вакциналауға бола ма – Министрлік жауабы

12 жасқа дейінгі балаларды ата-ана келісімімен вакциналауға бола ма – Министрлік жауабы

0

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова «12 жасқа дейінгі балаларды ата-ана келісімімен вакциналауға бола ма?» деген сұраққа жауап берді.

Маманның айтуынша, қазір Қазақстанда балаларға тек 12 жастан бастап екпе жасауға рұқсат етілген.«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қолданылатын және тіркелген нұсқаулыққа, яғни Comirnaty Pfizer нұсқаулығына сәйкес, 12 жастан бастап вакцина жүргізіледі. Бірақ бұл өндіруші компания қазір Америкада балаларды 5 жастан бастап вакциналауды бастады. Яғни сол Pfizer, бірақ 5 жасар балалар үшін басқа доза қолданылады. Егер өндіруші біздің органға тиісті құжаттарды енгізсе, яғни тіркеу үшін Дәрілік заттарды экспертизалау ұлттық орталығының нұсқаулығына «5 жастан бастап вакциналауды» енгізсе, бұл балаларды 5 жастан вакциналауға мүмкіндік береді. Бірақ қазір бекітілген нұсқаулық тек 12 жастан бастап вакциналауға рұқсат етеді», – деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова Үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Комитет төрағасының айтуынша, вакциналау үшін жас санатының кеңеюін вакцина өндірушілер клиникалық зерттеулер аясында анықтайды.

«Егер өндіруші клиникалық зерттеулерден нәтиже алса, тиісінше осы өзгерістерді нұсқаулыққа енгізеді. Нұсқаулық біздің заңнамаға сәйкес Қазақстанда тіркелуі тиіс. Содан кейін ғана бұл бізге вакцинаны қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, Қытайдағы Sinopharm қазірдің өзінде 3 жастан асқан балаларға қолданылады. Қазақстанда бүгінгі күні тек 12 жастан бастап Pfizer вакцинасын егуге болады», – деп нақтылады А.Есмағамбетова.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version