Қазақстанның 50 үздік ғалымы 6 миллион теңгеден алады. Ақшалай сыйақылар «Үздік ғылыми қызметкер» республикалық байқауының қорытындысы бойынша берілетін болады. Бұл ғалымдарды қолдауға бағытталған алғашқы ауқымды сыйақы. Өтінімдерді қабылдау 15 қараша басталды.
Конкурстың мақсаты – отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің еңбегін көтермелеу болып табылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер министрліктің https://universitycontest.iac.kz/bestresearcher/ ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта 15 желтоқсанға дейін қабылданады. Үміткерлердің ғылыми жетістіктері ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ғылыми жарияланымдары мен монографияларының болуы, ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық жасау сияқты критерийлер бойынша бағаланатын болады. Бұл ретте үміткер соңғы жылы университетте кемінде бір пәнді жүргізіп, сондай-ақ соңғы 3 жылда PhD философия докторы ғылыми дәрежесі бар кадрларды даярлауы және ғылым мәселелері жөніндегі консультациялық органдардың жұмысына қатысуы міндетті. Сонымен бірге байқауға қатысушы ғылыми әзірлемелерінің өндіріске енгізілуі бойынша нәтижелерін ұсынуы қажет.