ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы бұйрығы бойынша оқу басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтер бекітілді.
Құжатта оқушы арқалайтын бір оқулықтың салмағына қатысты нақты норма көрсетілген. Ол бойынша:
1-4 сынып оқулықтары 300 грамнан;
5-6 сыныптар үшін 400 грамнан;
7-9 сыныптар үшін 500 грамнан;
10-11(12) сыныптар үшін 600 грамнан аспауы керек.
Бұйрықта оқулық салмағын аталған нормадан 10% арттыруға ғана жол берілетіні айтылған.
Оқулық салмағынан бөлек кітап басылатын қағазға, баспа сапасына, пайдаланылатын қаріптерге (шрифт – ред) қойылатын талаптар нақты көрсетілген.
Құжаттың толық мәтінін мына жерден көруге болады.
Бұйрық 2021 жылдың 24 желтоқсанынан бастап қолданысқа енеді.