Home Жаңалық Қарағандының екі колледжі WorldSkills стандарттары бойынша білім береді

Қарағандының екі колледжі WorldSkills стандарттары бойынша білім береді

0

Қарағанды теміржол және тау-кен индустриалдық колледждерінде «Жас маман» жобасы бойынша құзыреттілік орталықтары ашылды. Студенттер мұнда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тәжірибелік дағдыларды игеріп, шеберліктерін шыңдай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміржол колледжінде теміржол саласының сегіз мамандығы бойынша тоғыз зертхана, екі шеберхана, бір оқу кабинеті мен тренинг және коучинг орталығы жабдықталған.

Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінде «Тау-кен ісі» және «Дәнекерлеу технологиялары» бойынша оқу кабинеттері, зертханалар мен шеберханалар толық жабдықталған.

«Жабдықтардың тізімі WorldSkills стандарттарын ескере отырып және Кәсіпкерлер Палатасының, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде қалыптастырылды. Жыл соңына дейін өңірде тағы бес құзыреттілік орталығын ашу жоспарлануда», – деп хабарлады Қарағанды облысының білім басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, «Жас маман» жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске қосылды. Ол бүкіл ел бойынша колледждер мен жоғары оқу орындарын жаңғыртуға бағытталған.

«Жас маман» жобасы білім алушылардың бірегей кәсіби білігін дамытуға және қазақстандық қана емес, халықаралық нарықта да өзекті, сұранысқа ие индустриялық және сервистік мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version