Home Жаңалық Әлемдегі есте сақтау қабілеті бойынша рекордтар қандай?

Әлемдегі есте сақтау қабілеті бойынша рекордтар қандай?

0

Эволюция жалғасқан сайын адамның мүмкіндіктері мен қабілеттері шарықтап, адам миы миллиондаған ақпаратты еске сақтай алатын болады. Алайда, ондай адамдар қазірде өте сирек кездеседі.

10-орын. Оңтүстік Африканың қоғам қайраткері, саясаткер Ян Христиан Смэтс қартайған жасында 5000 кітапты жатқа айтқан. Ал бирмалық Виситтабм Вумса 1974 жылы 6000 бет будда каноникалық мәтінін ауызша айтып берген.

9-орын. Жапон Хидеаки Томоери математикалық ∏ (пи) санын, яғни 3,14 деп жуықталатын және үтірден кейін 40 000  белгісі бар математикалық тұрақты шаманы еш жаңылмастан айтқан.

8-орын. Анкара қаласының тумасы Мехмед Али Халиси  1967 жылы қазан айының 14 күні 6 сағат бойы «Құран» кітаптың 6666 аятын оқып шыққан. Оның есте сақтау қабілетінің мықтылығын бір топ академик ғалымдар бақылаған.

7-орын. Валерий Лавриненко екі жарым минут ішінде 100 белгіні, ал 3 минутта 200 белгіні мүдірместен есіне сақтап қалады. Жіберілген қателіктері болса, ең көп дегенде бір немесе екі рет қателеседі.

6-орын. Есте сақтау шеберлігі, әсіресе, телефон нөмірін сақтап қалуға ерекше пайдалы. Қытай азаматы Гу Янлинь өзінің 26 жасында Харбин қаласының 15 мыңға тарта телефон нөмірін білген. Тасмания штатының анықтама бөлімшесінің операторы Паула Прентис 128603 тұрғынның телефон нөмірінің абонентін, аты-жөнін, мекенжайын, бөлімше аттарын есіне сақтап қалған. Паулаға тіпті жергілікті құтқару қызметі жиі хабарласып керекті мәліметтерін алады екен.

5-орын. Самвел Гарибян айна қатесіз парсы, бенгал, пүшту секілді оннан астам шет тілінен шыққан 1000 сөзді айтып бере алады.

4-орын. Америкалық Барбара Мур пианино музыкалық аспабымен 1852 әуенді есту сезім мүшесі арқылы ойнаған. Оның сауық кеші 1988 жылы 25 қазан мен 13 қараша аралығына дейін жалғасқан.

3-орын. 1996 жылы 24 маусымда Канада еліндегі «Гиннесс рекордтар кітабы» мұражайында Дейв Фэрроу бірізділігі ауыстырып қойылған 52 картадан тұратын колонаны бір ғана көз қыры арқылы 6 ғана қателік жіберіп есіне сақтап үлгерген.

2-орын.  Поляк футбол клубының кассирі Леопольд Хелд өзінің 12 жылдық жұмыс тәжірибесінде клубтың барлық ойын көрсеткішін және әр ойыннан түскен кірісін әлі күнге дейін есінде қалған.

1-орын. Бүкіл әлемдегі казино орындары ағылшын Доминик О’Брайенге казино ойнауға тыйым салған. Ол колодада қандай карталар қалғанын есте сақтап алып, қойған бағасын бірден өсіріп жібереді екен. Доминик бір сағаттың ішінде 300 шет тіліндегі сөзді жаттап ала алады. Ал 2-3 күннен кейін сол тілде еркін оқиды. 1994 жылы шет тіліндегі сөздерді жаттау бойынша әлем чемпионатында Доминик 15 минуттың ішінде 156 қытай тіліндегі сөзді айтып, бірінші орынды иеленген.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version