Home Керекті кеңес ҰБТ-2022 кездесетін тарихи даталар тізімі

ҰБТ-2022 кездесетін тарихи даталар тізімі

0

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ (ҰБТ-2022 кездесетін тарихи даталар тізімі)

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ
1. Б.з.б. ІІІ–ІІ мыңжылдықтың аралығы – Энеолит (мыс-тас дәуірі).

 

2. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың басы – Қола (мыс пен қалайының қосындысы) қорытуды меңгеру.

 

3. Б.з.б. І мыңжылдықтың басы – Темірді игеру басталды.

 

4. Б.з.б. I мыңжылдық ‒ Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі.
5. Б.з.б. І мыңжылдық – Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.
6. Б.з.б. VІІІ ғ. ‒ Қазақстан аумағындағы ең ежелгі сақ қорғандары.
7. Б.з.б. ІІІ ғ. соңы ‒ Көшпелі ғұн (хунну) тайпаларының билігіне Мөденің келуі.
8. Б.з.б. 530 ж. ‒ Сақ-массагеттердің парсы патшасы Кирді талқандауы.
9. 552–603 жж. ‒ Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі.
10. 603–704 жж. ‒ Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі.
11. 704–756 жж. ‒ Түргеш қағанатының өмір сүрген мерзімі.
12. 751 ж. ‒ Атлах (Талас) шайқасы.
13. 756–940 жж. ‒ Қарлұқтар мемлекетінің өмір сүрген мерзімі.
14. 870 ж. – Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірге келген жылы.
15. 942-1212 жж. ‒ Қарахан мемлекетінің өмір сүрген мерзімі.
16. ІX ғ. соңы‒XI ғ. басы

(ІX ғ. соңы‒XI ғ. ортасы)

‒ Оғыз мемлекетінің өмір сүрген мерзімі.
17. ХІ ғасыр. – Махмуд Қашғаридің өмір сүрген уақыты.
18. ХІ ғасыр. – Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасының жазылған мерзімі.
19. ХІІ ғасыр. – Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани Хикмет» еңбегінің жазылған мерзімі.
20. 960 ж. ‒ Қарахан мемлекетінде ислам  дінін мемлекеттік дін деп жариялануы.
21. XI ғ. басы‒XIII ғ. басы ‒ Қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі.
22. 1236/1237‒1242 жж. ‒ Батудың Руське және Шығыс Еуропаға жорығы.
23. XIV ғ. І жартысы ‒ Өзбек ханның Алтын Ордада билік етуі.
24. 1465 ж. ‒ Қазақ хандығының құрылуы.
25. XVI ғ. басы ‒ Қасым ханның билік еткен уақыты.
26. XVI ғ. басы – «Қасым ханның қасқа жолы» заңдары шықты.
27. 1538‒1580 жж. ‒ Хақназар ханның билік еткен уақыты.
28. 1582/1583‒1598 жж. ‒ Тәуекел ханның билік еткен уақыты.
29. XVI ғ. соңы–XVIІ ғ. басы – «Есім ханның ескі жолы» заңдары шықты.
30. 1628/1629–1652 жж. – Жәңгір ханның ел билеуі.
31. 1643 ж. ‒ Орбұлақ шайқасы.
32. 1680‒1715/1718 жж. ‒ Тәуке ханның билік еткен уақыты.
33. ХVII ғ. соңы. ‒ Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
34. 1723 ж. ‒ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» («Ұлы апат жылдары») басталуы.
35. 1726/1728 ж. ‒ Бұланты шайқасы.
36. 1729/1730 ж. ‒ Аңырақай шайқасы.
37. 1731 ж. – Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өтуі.
38. 1771‒1781 жж. ‒ Абылайдың Қазақ хандығын басқарған жылдары.
39. 1783‒1797 жж. ‒ Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
40. 1835–1865 жж. – Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары.
41. 1836‒1838 жж. ‒ Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.
42. 1837‒1847 жж. ‒ Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
43. 1841 ж. ‒ Бөкей хандығында қазақ балаларына арналған алғашқы зайырлы мектептің ашылуы.
44. 1841–1889 жж. – Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары.
45. 1845–1904 жж. – Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары.
46. 1866–1937 жж. – Әлихан Бөкейхановтың өмір сүрген уақыты.
47. 1893 ж. – В.Томсен ежелгі түркі жазбаларының құпиясын ашты.
48. 1913‒1918 жж. ‒ «Қазақ» жалпыұлттық газетінің шығуы.
49. 1916 ж. – Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс.
50. 1917 ж., шілде ‒ «Алаш» партиясының құрылуы.
51. 1917 ж., желтоқсан ‒ Орынборда ІІ жалпықазақ съезі. Алаш-Орда үкіметінің құрылуы.
52. 1918–1920 жж. – Қазақстандағы шетел интервенциясы мен Азамат

соғысы.

53. 1920 ж. ‒ Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы.
54. 1925 ж., сәуір ‒ Қазақ Кеңестерінің V съезі өтіп, қазақ халқының тарихи атауы қалпына келтірілді.
55. 1925 ж. – Қазақ АКСР-i астанасын Орынбордан Қызылордаға

көшірілуі.

56. 1928 ж. – Алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттiк

педагогикалық институтының ашылуы.

57. 1929 ж. – Қазақ АКСР-i астанасын Қызылордадан Алматы қаласына көшірілуі.
58. 1931-1932/1933 жж. ‒ Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы жаппай ашаршылық.
59. 1932 ж. ‒ Ашаршылыққа байланысты, апаттың көлемі туралы «Бесеудің хатын» жазған республика қайраткерлері:

Ғ. Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Куанышев.

60. 1936 ж. – Қазақ АКСР-iнің одақтық республика болып қайта құрылуы

(ҚазКСР).

61. 1937 ж. – Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
62. 1939 ж. – Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған жылы.
63. 1941 ж. – Ұлы Отан соғысының басталған жылы.
64. 1946 ж. – Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы.
65. 1949 ж. – Семей ядролық полигонындағы алғашқы атомдық жарылыс.
66. 1949 ж. – М.Әуезовке «Абай» романы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының берілуі.
67. 1954 ж. – Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы.
68. 1957 ж. – Экономикалық аумақтық ұстаным бойынша басқаруды қайта құру.
69. 1959 ж. – Теміртаудағы жұмысшылар толқуы.
70. 1961 ж. – «Байқоңыр» космодромынан тұңғыш ғарышкердің ұшырылуы.
71. 1960-1962, 1964-1986 жж. – Д. А. Қонаевтың Қазақ КСР Компартиясы ОК бiрiншi хатшысы қызметін атқарған жылдары.
72. 1963 ж. – Ядролық қаруларды атмосферада, ғарышта және су астында сынауға тыйым салу туралы келісімшарт.
73. 1969 ж. – Есік қорғанынан «Алтын адам» табылуы.
74. 1978 ж. – Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
75. 1979 ж. – Целиноград қаласындағы Қазақстанда немiс автономиясын құруға қарсы наразылық шерулері.
76. 1986 ж. ‒ Желтоқсан оқиғасы.
77. 1988 ж. – Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев,

Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың ақталуы.

78. 1989 ж. – Қарағанды шахтерлерiнiң ереуiлi.
79. 1989 ж. ‒ О. Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» экологиялық қозғалысының құрылуы.
80. 1989 ж. ‒ «Тілдер туралы Қазақ КСР Заңының» қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялануы.
81. 1991 ж. ‒ Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы.
82. 1991 ж., 29 тамыз – Н.Ә. Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қоюы.
83. 1991 ж. ‒ Н.Ә. Назарбаевтың бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайлануы.
84. 1991 ж. – Қазақ КСР-iнiң алтын қоры мен алмаз қорының құрылуы.
85. 1991 ж., 16 желтоқсан ‒ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылдануы.
86. 1992 ж. – Қазақтардың дүниежүзiлiк алғашқы құрылтайының өтуi (Алматы қ.).
87. 1992 ж., маусым ‒ Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы бекітілуі
88. 1992 ж. ‒ Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға толыққанды мүше болып қабылдануы.
89. 1993 ж., қараша ‒ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ‒ теңгенің енгізілуі.
90. 1995 ж. – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.
91. 1995 ж., 30 тамыз ‒ Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының қабылдануы (Конституция күні).
92. 1997 ж. ‒ Жалпыұлттық татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
93. 1997 ж. – Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола (Нұр-Сұлтан) қаласына көшірілуі.
94. 1999 ж. – ЮНЕСКО шешімімен Астана (Нұр-Сұлтан) қаласына «Бейбітшілік қаласы» мәртебесінің берілуі.
95. 2003 ж. ‒ Астанада (Нұр-Сұлтан) әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің I съезі.
96. 2010 ж. ‒ Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі.
97. 2011 ж. ‒ Қазақстанда Азиаданың өткізілуі.
98. 2017 ж. ‒ Қазақстанда дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің өткізілуі.
99. 2019 ж. ‒ Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруі.
100. 2019 ж. – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануы.

 

ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ (ҰБТ-2022 кездесетін тарихи даталар тізімі)

«ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ
1. Б.з.б. IV-мың ж. – б.з. V ғ. – Ежелгі Шығыс өркениеті тарихы кезеңі.
2. Б.з.б. 1280 ж. – Египет пен Хетт мемлекеттері арасындағы әлемдегі тұңғыш бітім шарт.
3. Б.з.б. 1792–1750 жж. – Хаммурапидің Вавилон мемлекетін басқаруы. «Хаммурапи заңдары».
4. Б.з.б. 221 ж.

 

– Қытай аумағындағы алғашқы орталықтанған мемлекет-Цинь империясы.
5. Б.з.б. 336–323 жж. – Александр Македонскийдің билік етуі.
6. Б.з.б. 509–27 жж. – Ежелгі Рим тарихындағы республика кезеңі.
7. Б.з. 395 ж. – Ежелгі Рим империясының  Батыс және Шығыс болып бөлінуі.
8. Б.з. 476 ж. – Батыс Рим империясының құлауы.
9. 481–511 жж.

 

– Франк мемлекеті мен Меровингтер әулетінің негізін қалаушы король Хлодвигтің билік құруы.
10. 527–565 жж. – Император І Юстинианның билік етуі.
11. 570–632 жж. – Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмір сүрген жылдары.
12. 882 ж. – Киев Русі мемлекетінің құрылуы.
13. XІ ғ. – Салжұқтардің Кіші Азияны жаулап алуы.
14. 1096–1099 жж. – Бірінші крест жорығы.
15. 1265 ж. – Ағылшын парламентінің құрылуы.
16. 1302 ж. – Францияда Бас штаттардың  шақырылуы.
17. 1337–1453 жж. – Англия мен Францияның арасындағы Жүз жылдық соғыс.
18. 1368–1644 жж. – Қытайда Мин әулетінің билік етуі.
19. 1382 ж. – Тоқтамыс ханның Мәскеу қаласын басып алуы.
20. 1453 ж. – Түріктердің Константинопольді басып алуы.
21. 1455–1485 жж. – Англиядағы Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы.
22. 1485–1603 жж. – Англияда Тюдорлар әулетінің басқаруы.
23. 1492 ж. – Христофор Колумбтың Американы ашуы.
24. 1517 ж. – Лютердің 95 тезисін жариялап, индульгенцияға қарсы шығуы.
25. 1519–1522 жж. – Фернан Магеллан тұңғыш дүниежүзін айналып шығу саяхаты.
26. 1555 ж. – Реформация нәтижесінде Германияда княздер мен императордың арасында Аугсбург бітімінің жасалуы.
27. XVI ғ. аяғы – Францияда Бурбондар әулетінің билікке келуі.
28. 1600 ж. – Ағылшындық Ост-Үнді компаниясының құрылуы.
29. XVII ғ. басы–XІX ғ. екінші жартысы – Жапонияда  Токугава әулеті сегундарының билік етуі.
30. 1607 ж. – Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы тұрақты қонысы Джеймстаунның (Виргиния) негізі қаланды.
31. 1613–1917 жж. – Ресейде Романовтар әулетінің билік құруы.
32. 1640 ж. – Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуы.
33. 1682–1725 жж. – І Петрдің патшалық етуі.
34. 1700–1721 жж. – Солтүстік соғыс.
35. 1756–1763 жж. –Жетіжылдық соғыс. (Англия мен Франция)
36. 1757 ж. – Император Цяньлун еуропалықтардың Қытайға келуіне тыйым салуы.
37. 1776 ж. – АҚШ-тың құрылуын жариялаған Тәуелсіздік декларациясының қабылдануы.
38. 1787 ж. – АҚШ Конституциясының қабылдануы.
39. 1789 ж. – Бастилиянының алынуы. Француз революциясының басталуы.
40. 1789 ж.

 

– Францияда Адам және азамат құқықтары декларациясын қабылдауы.
41. 1804 ж.

 

– Францияда Наполеон Бонапарттың «императоры» атағын қабылдауы. Бірінші империяның құрылуы.
42. 1812 ж. – Ресейдің Наполеон әскерлеріне қарсы Отан соғысы.
43. 1813 ж. – Лейпциг түбіндегі «Халықтар шайқасы».
44. 1814–1815 жж. – Вена конгресі.
45. 1823 ж. – АҚШ-та «Монро доктринасының» жариялануы.
46. 1839–1870 жж. – Осман империясындағы Танзимат  реформасы.
47. 1850–1864 жж. – Қытайдағы тайпиндер көтерілісі.
48. 1853-1856 жж. – Қырым соғысы.
49. 1854 ж. – Бірінші жапон-американ келісімшартына қол қойылуы.
50. 1861 ж. – Итальян  корольдығының құрылуы.
51. 1861 ж. – Ресейде басыбайлылық құқықты жою туралы манифест.
52. 1861-1865 жж. – АҚШ-тағы азамат соғысы.
53. 1871 ж. – Версальда Герман империясы құрылуының жариялануы.
54. 1871 ж. – Герман империясының Конституциясының қабылдануы.
55. 1870–1871 жж. – Франция-Пруссия соғысы.
56. 1877–1878 жж. – Орыс-түрік соғысы.
57. 1878 ж. – Берлин конгресі.
58. 1882 ж. – Германия, Австрия-Венгрия және Италия араларындағы Үштік Одақтың құрылуы.
59. 1889 ж. – Жапония Конституциясының қабылдануы.
60. 1904–1905 жж. – Орыс-жапон соғысы.
61. 1905–1907 жж. – Алғашқы орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы.
62. 1907 ж. – Антанта соғыс одағының құрылуы.
63. 1914-1918 жж. – Бірінші дүниежүзілік соғыс.
64. 1917 ж. – Ресейдегі Ақпан революциясы және Қазан революциясы.
65. 1919 ж. – Париждегі бейбітшілік конференциясы.
66. 1921–1922 жж. – Вашингтон конференциясы.
67. 1922 ж. – КСРО-ның құрылуы.
68. 1923 ж. – Түркия Республикасының құрылуы.
69. 1929–1933 жж. – Әлемдік экономикалық дағдарыс.
70. 1933 ж. – Германияда фашистік диктатураның орнауы.
71. 1937 ж. – Жапонияның Қытаймен соғысының басталуы.
72. 1938 ж. – Мюнхен келісімі.
73. 1939 ж. – Өзара шабуылдаспау туралы КСРО-Герман пактісі.
74. 1939–1945 жж. – Екінші дүниежүзілік соғыс.
75. 1941 ж. – Германияның КСРО-ға шабуылы.
76. 1942–1943 жж. – Сталинград шайқасы.
77. 1943 ж. – Курск шайқасы.
78. 1943 ж. – Тегеран конференциясы.
79. 1945 ж. – БҰҰ Жарлығының қабылдануы.
80. 1945 ж. – ІІ Дүниежүзілік соғыста Германия мен Жапонияның жеңілуі. ІІ Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы.
81. 1947 ж. – Трумэн Доктринасы, Маршалл жоспары.
82. 1949 ж. – НАТО-ның құрылуы.
83. 1950–1953 жж. – Кореядағы соғыс.
84. 1955 ж. – Варшава келісімшарты ұйымының құрылуы.
85. 1956 ж. – Суэц дағдарысы. Египетке қарсы үшжақты басқыншылық.
86. 1958 ж. – Францияда бесінші Республиканың құрылуы.
87. 1961 ж. – Космонавт Ю.А. Гагариннің ғарышқа алғашқы ұшуы.
88. 1962 ж. – Кариб дағдарысы.
89. 1963 ж. – Жерде, суда және ауада ядролық сынақтарды өткізбеу туралы Мәскеу шарты.
90. 1965–1973 жж. – АҚШ-тың Вьетнамдағы интервенциясы.
91. 1968 ж. – Варшава Шартына қатысушы елдердің Чехославакияға әскерлерін енгізуі. «Прага көктемі».
92. 1971 ж. – Пәкістан-Үнді соғысы.
93. 1975 ж. – Хельсинкидегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Еуропа Кеңесінің Актісі.
94. 1979 ж. – Иранда шахқа қарсы революция.
95. 1979 ж. – Ауғанстанға КСРО қарулы күштерін енгізу.
96. 1980–1988 жж. – Ирак-Иран соғысы.
97. 1991 ж. – КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ны құру туралы декларацияға қол қойылуы.
98. 1992 ж. – Еуропалық Одақтың (ЕО) құрылуы туралы Маастрихт келісімінің жасалуы.
99. 2001 ж. – Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы мәлімдеме .
100. 2010–2011жж. – «Араб көктемі». Египет, Тунис, Ливиядағы  революциялар.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version