Home Жаңалық Министр: Тұрғын үй алаптарын жоспарлау кезінде білім беру объектілерінің құрылысы ескерілмей

Министр: Тұрғын үй алаптарын жоспарлау кезінде білім беру объектілерінің құрылысы ескерілмей

0

Тұрғын үй алаптарын жоспарлау кезінде білім беру объектілерінің құрылысы ескерілмей, салдарынан орын тапшылығы туындап жатыр. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында осы проблеманы көтерді.

Тұрғын үй алаптарын жоспарлау кезінде көбінесе білім беру объектілерінің құрылысы ескерілмейді. Осыдан оқушы орындарының жетіспеушілік проблемалары туындайды. Осыған орай, тұрғын үй құрылысы жұмыстарын бастар алдында әкімдіктерге біріншіден мектеппен қамтамасыз етуді сұраймын», – деді министр.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 2500 оқушыға арналған мектептің типтік жобасы әзірленген. Енді 1500, 2000, 3000 оқушыға арналған мектептердің үлгілік жобаларын әзірлеу қажет.

«Салынатын мектептерде мамандандырылған кабинеттер, заманауи жабдықталған әмбебап шеберханалар, кемінде екі спорт залы, кітапхана, медиатека және оқу залдары болуы тиіс. Бұл үшін біз қазір мектептерді жабдықтауға қойылатын талаптарды күшейтіп жатырмыз», – деді ведомство басшысы.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version