Home Жаңалық Бас санитардың оқушыларды дәстүрлі форматта оқыту туралы қаулысы шықты

Бас санитардың оқушыларды дәстүрлі форматта оқыту туралы қаулысы шықты

0

ҚР Бас санитар дәрігердің міндетін атқарушының «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» қаулысы шықты.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және водомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін», – деп жазылған қаулы мәтінінде.

Дегенмен, оқтыудың форматы өзгергенімен, білім ұйымдарының өзінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың толық сақталу керектігі ескертілген. «Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.

«Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысының 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп саналсын», – деп жазылған құжатта.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version