Home Жаңалық Елорда мектептері мен балабақшаларында бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынды

Елорда мектептері мен балабақшаларында бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынды

0

Нұр-Сұлтан қаласында мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде көпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шара өткізуге рұқсат жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлім етті.

«Алдағы наурызда мерекелер келе жатыр. Коронавирус инфекциясының таралуы төмендегенмен, жағдай толық тұрақталған жоқ. Осы орайда елорда мектептері мен балабақшаларда бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынады», – деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.

Дегенмен бас санитар дәрігер балабақшалардағы әр топтың жеке түрде мерекелік шара өткізуіне рұқсат берілетінін айтты.

«Яғни мерекелік шараны топырламай, жеке топтың ғана қатысуымен өткізуге болады. Елорданың «жасыл» аймаққа өтуіне байланысты шараға ата-аналар да қатыса алады. Бірақ «Ashyq» жүйесі арқылы. «Жасыл» және «көк» түс көрсеткен жандарға рұқсат», – дейді ол.

Бұған дейін елорданың бас санитар дәрігері әр мерекеден дейін елордада эпиджағдайдың қиындай түсетіндігін айтқан еді.

Сондай-ақ, брифинг барысында елордада 480 мың адамның вакцинаны толық алғаны айтылды.

Одан бөлек, Сарқыт Бейсенова Нұр-Сұлтанда «Омикрон» және «Дельта» штамының таралуына қатысты алаңдаушылық танытты .

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version