Home Үздік Оқушы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 97 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 97 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

0
ХVIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 97 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ.
Оның ішінде,13 алтын, 21 күміс, 63 қола медаль. Жеңімпаздар Astana IT University және ҚБТУ сияқты жоғары оқу орындарының атаулы сыйлықтары мен білім беру гранттарына ие болды.
Биыл Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысушылардың рекордтық саны, дәлірек айтқанда, әлемнің 21 елінен 1200-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Түркия, Ресей, Румыния, Норвегия, Үндістан, Болгария, Грузия, Вьетнам, Индонезия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Өзбекстан және т.б. елдер бар. Зияткерлік жарысқа Қазақстан атынан 200-ден астам оқушыдан құралған 32 команда қатысты.
Айта кетейін, Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР БҒМ қолдауымен Республикалық физика-математика мектебінің базасында өтті.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version