Home Жаңалық ҚР білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

ҚР білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бейсембаев Ғани Бектайұлы 1969 жылы 3 маусымда дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамда. РһD докторы, Халықаралық академияның педагогикалық білім бойынша корреспондент мүшесі (Ресей), Халықаралық ақпараттандыру адемиясының академигі (Қазақстан).

Еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда облысы, Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісінен бастаған. 1989-1990 жылдары Алматы облысы Іле ауданы № 14 орта мектептің «Жас талап» үйірмесінің жетекшісі, қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 1990-1995 жылдары Алматы облысы, Талғар ауданы № 14 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 1995-1997 жылдары Алматы облысы, Іле ауданы № 12 орта мектеп директоры, 1997-2000 жылдары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының ғалым хатшысы, президенттің кеңесшісі, 2000-2001 жылдары Алматы облысы, Қапшағай қалалық білім бөлімі бастығы, 2001-2006 жылдары Алматы қаласы Қосымша білім беру орталығының директоры, 2006-2007 жылдары АТУ жанындағы Технология-экономикалық колледж директоры.

2006 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «EDTECH» Халықаралық білім орталығының бас директоры қызметін атқарды.

Ғани Бектайұлы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі кеңесінің, ЖОО бақылау кеңестерінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының «Кәсіпкерлікті қолдау» және «Білім мәселелері» жөніндегі Қоғамдық кеңестердің және т.б. республикалық комиссиялардың мүшесі, «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасындағы «QAREKET» ток шоу бағдарламасының тұрақты сарапшысы және Қазақ радиосының «Жан азығы» радио-тренингінің жетекшісі болып табылады.

Республикалық БАҚ-да және педагогикалық басылымдарда 40-қа жуық ғылыми мақаласы жарық көрген, Қазақстан Республикасы орта білім беру мемлкеттік стандартының (1998 ж.- қазақ тілі) әзірлеуге қатысты, 9-сыныптың «Қазақ әдебиеті хрестоматиясының», «Мамандық таңдау кілті» мектеп оқушыларына арналған тренинг кітабының, «КӘСІП» кәсіптік бағдар кешенді жүйесінің, «Импакт-фактор: анализ цитаты и его роль в мире науки» әдістемелік құралы идеясының, «Жастарды патриоттық тәрбиелеу моделінің», «Всеобуч» оқушылар қозғалысының автоматтандырылған жүйесінің, «Қазақстандағы жоғары оқу орнына дайындық технологиясының», «CAR» Қазақстан Республикасының орта мектептеріндегі оқушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін талдау жүйесінің авторы.

Қазақстан Республикасы Президентінің алғысхатымен, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» медалі және т.б. мерекелік медальдармен марапатталған.

2020 жылғы 27 наурыздан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметін атқарып келді.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version