Наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында жазды.
“Достар, бүгін наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық нәтижелерімен бөлісейін.
✅Талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинады.
🔻Орташа балл 65 балды құрады,
🔻ең жоғары балл – 134.
28 қатысушының нәтижесі 130 балдан асты.
📑Тестілеуге қатысуға 105 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның жартысынан көбі ҰБТ тапсырып үлгерді.
🔻74,2%-ы қазақ тілінде,
🔻25,6%-ы орыс тілінде,
🔻0,2%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
⏳Наурыз айындағы ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 130 бала қатысты. 2022 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар түлектерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек, тағы қосымша 40 минут уақыт беріледі.
🌟Ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациялары өзгермеді. Олар:
🔹«Математика-Физика» (25%),
🔹«Химия-Биология» (17%).
🔹Ең аз таңдалатын комбинация «Химия-Физика» (0,13%). Бұл пәндерді тапсырып «Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламасын таңдауға болады.
📵63 адам – смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылды.
🚫135 адам – тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды.
🧮 Тестіленушілер телефондарды, құлаққаптарды, смарт-сағаттарды, шпаргалкаларды және калькуляторларды алып кірмекші болған. Калькулятор, Менделеев және тұздардың ерігіштік кестелері компьютерге жүктелгендігін қайтадан естеріңізге сала кетейін.
📌Достар, сіздерді тағы да академиялық адалдыққа шақырамын. Тек өз білімдеріңізге сеніңіздер”.-деді Руслан Емелбаев.