Мұндай мүмкіндікке М.Катаев атындағы оқушылар сарайы «Антарес» астроклубының тәрбиеленушісі 14 жасар Ярослава Кравчук ие болды.
Хьюстон қаласындағы UnitedSpaceSchool мектебін NASA ірі корпорациясы басқарады.
«Антарес» астроклубының педагогы Гүлнар Баубекованың айтуынша, халықаралық ғарыш қорының негізгі миссиясы шетелдік оқушыларға, студенттерге ғарыштық академиялық дайындықты қамтамасыз ету, сондай-ақ аэроғарыш саласына кіріспе және кәсіптік бағдар беру болып саналады.
UnitedSpaceSchool – бұл жыл сайын Клир-Лейк университетінде оқу үшін 25 түрлі елден 50-ге дейін студентті біріктіретін пәнаралық бағдарлама, онда инженерлер, ғалымдар, аэроғарыш саласындағы көшбасшылардың басшылығымен ғарыштық бағыттағы миссияларын әзірлейді.
Бұл жаһандық бәсекелестік, онда шақырылғандар ғарышқа ұшу үшін өз тәжірибелерін жасай алады. Жеңімпаздың жұмысы халықаралық ғарыш станциясына зерттеуге жіберіледі. Ярослава дәл осындай мүмкіндік алды.
«Ярослава біздің клубта өткен жылдың маусым айынан бастап білім алады. Ол астроклубқа күрделі астрономия ғылымымен шынайы әуестенеді. Оқушылар сарайының обсерваториясындағы барлық практикалық сабақтарға қатысады, оптикалық техникамен, оның ішінде әртүрлі конфигурациялы телескоптармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеріп алды», – дейді Гүлнар Баубекова.
2021 жылдың қазан айында Ярослава оқушылардың қазақстандық астрономиялық турниріне қатысу үшін Павлодар облысы құрамасына кіріп, Алматы қаласының «Бөбек» орталығының обсерваториясында өткен үздік жас астрофизиктер арасындағы республикалық байқауға қатысты.
Павлодарлық жас астраномдар бұл турнирде бас жүлдені жеңіп алды.
Ярослава міндетті түрде UnitedSpaceSchool мектебіне баруды жоспарлап отыр.