Home Жаңалық Баланы 1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар керек

Баланы 1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар керек

2

​Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.

1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.

Қандай құжаттар қажет?

• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)

Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша жергілікті білім басқармаларына хабарласып, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы өзекті ақпаратты білуге болады.

 

2 COMMENTS

  1. Сәлеметсіз бе? Менің сұрағыма жауап бересіз бе? мектепке Прописка бойынша қабылдайды ма ?

  2. Сәлеметсіздер ме! 1- ші сыныпқа 6 жастан бала баруы міндетті деген заң бар ма? Мен қызымды биыл даярлыққа бергім келеді. Июнь айында 6-жасқа толады. Даярлық оқыған жоқ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version