Home Жаңалық НАУРЫЗ ҰБТ-СЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

НАУРЫЗ ҰБТ-СЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

0

✓ 105 мың адам қатысты.
✓ 70% – дан астам талапкерлер – шекті балл жинады (2021 жылы-64%).
✓ орташа балл – 69
✓ максималды балл – 135
✓ қазақ тілінде тестілеуден өтті – 78,2%
✓ орыс тілінде – 21,7%
✓ ағылшын тілінде – 0,2%
✓ 72 тестіленуші – 130-дан астам балл жинады
✓ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысты – 211 (2021 жылы – 35)
✓ бейінді пәндердің танымал комбинациялары – «Математика-Физика», «Химия-Биология»

Бұдан басқа:

– биыл алғаш рет ерекше білім беру қажеттіліктері бар түлектеріне тапсырмаларды орындау үшін негізгі 240 минуттан басқа, қосымша 40 минут берілді;

– тестілеу аяқталғаннан кейін түлек қандай тақырыптарды білетіні, қайсысын толық білмейтіні туралы қосымша талдаулар алады. Бұл қателіктермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

– 2022-2023 оқу жылында IT-бағыттарға түсушілер үшін «Математика-Информатика» комбинациясы енгізілетін болады. Наурыз айындағы тестілеу барысында оны 800-ге жуық адам сынақтан өткізді;

– металдардың белсенділерін қосу арқылы, тұздың ерігіштігі кестесін жаңарттық;

– тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттерінің саны азайды. Алайда смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 99 талапкер тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылды;

– биыл тестілеу «бір компьютер – екі камера – бір тестілеуші» қағидаты бойынша жүргізіліп жатыр. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін 259 адам аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды;

– ҰБТ-ға кіру үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: Face ID тұлғаны сәйкестендіру, жеке куәлік және отырған адамның жеке басын анықтау.

Министрлік және ҰТО тестілеуден өткендерді ақпараттық қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Наурыз айындағы ҰБТ кезінде 500-ге жуық жазбаша өтініш электронды пошта арқылы, 2 500-ге жуық қоңырау call-орталыққа түсіп, әлеуметтік желілерде 11 мыңнан астам өтініш қабылданып, өңделді. Талапкерлердің сұрақтары негізінен тестілеуге қатысуға, жеке кабинетке кіруге, техникалық қолдауға байланысты болды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version