Home Жаңалық Мектеп түлектері кешін өткізуге арналған нұсқаулық әзірленіп жатыр — Аймағамбетов

Мектеп түлектері кешін өткізуге арналған нұсқаулық әзірленіп жатыр — Аймағамбетов

0

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп түлектері кешін өткізудің нұсқаулығы әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

“Түлектер кешіне келер болсақ, әріптестерімізге нұсқаулық пен тиісті тапсырма жолданады. Ешқандай лимузин мен қымбат салтанатқа жол берілмейді”, – деді ол.

Бұған дейін министр биыл мектептерде соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтетінін айтқан болатын.

Айта кетері, өткен жылы пандемияға байланысты мектептерде соңғы қоңырау мектеп ауласында ата-аналардың қатысуынсыз өткен еді.

Осы жылы оқушылар төртінші тоқсанды дәстүрлі форматта бастады. Карантиндік шектеулердің алынып тасталуына байланысты балалар мектепке барып оқиды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version