Home Жаңалық Алматының білім беру ұйымдарына 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Алматының білім беру ұйымдарына 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды

0

Алматыда биылғы жылдың бірінші тоқсанында 25 білім беру ұйымы карантиндік талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлағандай, білім беру ұйымдарынан 12 бетперде режимін сақтамау, 12 үй-жайды сапасыз ылғалды тазалау және дезинфекциялау, 5 карантиндік шараларды бұзу деректері анықталды.

Аталған фактілер бойынша жауапты тұлғаларға 2 281 935 теңгеге айыппұл салынып, 23 ұйғарым шығарылды.

«Бұл шаралар ҚР Бас санитариялық дәрігерінің 2022 жылдың 14 наурыздағы №13, 25 наурыздағы №18 «Білім беру ұйымдарында шектеу іс шараларын алып тастау туралы» қаулылары күшіне енбей тұрып қабылданған болатын», – деп хабарлады Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Сонымен қатар, карантиндік шараларды сақтау бойынша мониторинг тобының жұмысы жалғасатыны аталып өтті.

Еске сала кетейік, эпидемиологтер коронавирус штамдары әлі де қауіпті екенін ескерткен еді.

 

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version