Home Жаңалық МЕКТЕПТЕРДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНЕ ҚАТЫСТЫ

МЕКТЕПТЕРДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНЕ ҚАТЫСТЫ

0

Бұған дейін ҚР БҒМ келесі оқу жылынан бастап бұл пән міндетті пәннен факультативтік пәнге ауыстырылатынын хабарлаған болатын. Яғни сабақ бұрынғыдай 1-ден 11-сыныпқа дейін емес, оқушылардың таңдауы бойынша және тек бір сыныпта өткізіледі.
Еске сала кетейік, 2000 жылдан бастап білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәні кезең-кезеңімен енгізіле бастады.

Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі барлық деңгей бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын қайта қарау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың мазмұны заманауи тенденцияларды ескеру және мектеп оқушыларының оқу жүктемесін азайту мақсатында қайта қаралады.

Осыған байланысты министрлікке «Өзін-өзі тану» пәнін оқытатын және педагогикалық жүктемесі үшін алаңдап жүрген мұғалімдерден сұрақтар келіп түсіп жатыр.

Айта кетейік, педагогтер өздерінің негізгі біліктіліктері, дәлірек айтқанда, әлеуметтік педагог ретінде жұмысын жалғастыра алады.

Бұл ретте «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша оқитын және басқа бағыттарға ауысқысы келетін студенттерге каникул кезінде басқа білім беру бағдарламаларына ауысу үшін жағдайлар жасалады. Бұл қазірдің өзінде нормативтік құжаттарда қарастырылған. Университеттер студенттердің кредиттерін аудару және қайта есептеу бойынша тиісті жұмысты реттейді.

Айта кету керек, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» бағдарламасының түлектері тиісті негізгі бағыт бойынша жұмыс істей алады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version