Home Керекті кеңес «Петропавлдан немесе Павлодардан Қазақ ұлттық мектебін ашамыз» – Аятжан Ахметжан

«Петропавлдан немесе Павлодардан Қазақ ұлттық мектебін ашамыз» – Аятжан Ахметжан

1
Өткенде ұлттық мектептер желісін ашу ойымда бар екенін, қазір өзге тілді жекеменшік мектептері көп екенін, өкінішке орай, таза қазақ тілді, бәсекеге қабілетті жекеменшік мектептер жоқ екенін жазып едім.
Осы арман жолында қаржы салғысы келетін, сөзден іске дейтін азаматтар болса дайын екендігімді де айттым. Сол ұсынысым қатты талқыланды. Қаншама адамдар “қомақты қаржы болмаса да, ұлт үшін аянып қалмаймыз, қоғам болып ұйысайық, есеп шот жарияла, ұйымдастырамыз”, – деп пікір қалдырыпты.
Одан бері де оқырмандарым жекеме шығып, сұрап жатыр. Бәрі де “болашақтың қамы, бүгін қимылдамасақ кеш болады” деген ойда. Сондықтан Республикалық “QAZBILIM” орталығы ұжымымен ақылдаса отырып, мынандай шешімге келдік.
Біз, қоғам боп қолдаса, Петропавл немесе Павлодар қаласының бірінен ұлттық мектеп-интернатын ашуды қолға аламыз.
Қазірге мақсат мынадай:
1. Мектеп 1000 оқушыға арналады;
2. Мектептің 300 орындық жатақханасы болады. Жатақхана өзге өңірдің балалары және шетелдегі қазақ балалары келіп, сонда орналасып оқуға арналған;
3. Мектептің құрылысын қаржы жиналуына қарай екі облыстың бірінің әкімдігімен келісіп бастап кетеміз.
4. Мектеп таза қазақ ұлттық мектебінің концепциясымен жасақталып, ұлттық мектептің үлгісіне айналады.
Мүмкін мектеп салатын деңгейдегі қаржы жиналмайтын шығар, бірақ ойға алған мақсатты қалай да орындаймыз. Ержігіттің мойнындағы қыл арқан шірімейді, сондықтан түбі соңына жеткіземіз!
Біздің мақсатымыз – ұлттық тәрбие мен құндылыққа негізделген, тек қана қазақ тілінде сапалы білім беретін мектеп ашу. Солтүстік өңірді таңдауымыз да бекер емес.
Көп түкірсе – көл, көп жұмылса – береке!
Ұлттық мектеп-интернатына аз да болса үлес қосыңыз!
Тел: 8702 931 8008

1 COMMENT

  1. Өте дұрыс шешім! Бұл бағытта ұстазымыз Алма Қыраубаева апайымыз Алматының іргесіндегі Жандосов ауылында мектеп ашып, аз уақытжұмыс жасаған болатын. Өкінішке орай, қаржы жетіспегендіктен жабуға мәжбүр болды. Бағдарламасы да дайын. Сол ізбен жұмыс жасасаңыз, еш өкінбейсіз. Сізге көп көмегі тиері сөзсіз.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version