Home Жаңалық Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге...

Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.
Келісімнің басты бағыттары:
– Оқытушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдары басшыларының тәжірибе алмасуы.
– Білім беру саласында жаңа технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу.
– Өзара негізде білім алушылардың ғылыми және мәдени жобаларға қатысуын ынталандыру.
– Ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізу.
– Бірлескен бағдарламалар негізінде білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
– Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін стипендиялар ұсынады.
Сондай-ақ сапар барысында биыл Түркиядан Қазақстанға өткізілетін Халықаралық Түркі академиясының Ғылыми кеңесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version