Home Жаңалық «Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция...

«Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

0

2022 жылы 21 мамыр күні Алматы қаласы М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Алматы қаласы Білім басқармасының бастамасы негізінде Педагогикалық Ғылымдар Академиясы «Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми- практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары» жобасын әзірледі.

Жобаның жетекші идеясы – рухы мықты, ұлттық намысы жоғары, патриот, әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан, парасатты, адал ниетті ұрпақ тәрбиелеу жұмыстарын іске асырудың ғылыми негізін жасап, оны практикалық тұрғыда жүзеге асыру механизмдерін дайындап, іске асыру болды.

Осы мақсатта «Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру» тұжырымдамасы жасалып, мақұлданды. Мектептерде нәтижелі жұмыс жүргізу мақсатында, тұжырымдама аясында, мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне, ата-аналар мен оқушыларға арналған 13 әдістемелік нұсқаулық дайындалып, барлық қазақ және аралас мектептерге берілді. Оларды кеңінен түсіндіру мақсатында видеодәрістер дайындалды. Арнайы эксперименттік мектептер белгіленіп, жүйелі жұмыстар жүргізіле бастады.

Жоба аясында өткізілген конференцияның пленарлық және секция отырыстарында 30-дан аса баяндама жасалып, конференция резолюциясы талқыланды. Конференция жұмысына қатысқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Нүсіпова, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Р.Бөлекбаева, ардақты ұстаз, Қазақстанның Еңбек Ері А.Миразова, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Д.Біләлов, ҚазҰҚПУ ректоры Г.Қанай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазӘТУ белгілі ғалымдары, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, білім беру саласы мекемелері мен ата-аналар қоғамдық бірлестіктерінің басшылары өз ұсыныс-пікірлерін айтты.

Конференция жұмысына оң баға беріліп, осы жоба негізінде жұмыстарды жалғастыру мақсатына 14 баптан тұратын резолюция қабылданды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version