Home Жаңалық Мектеп ғимараты жалға берілді: Алматы әкімдігі ақпаратқа жауап берді

Мектеп ғимараты жалға берілді: Алматы әкімдігі ақпаратқа жауап берді

0

Алматыдағы № 189 орта мектептің оқушылары өз білім ордаларының ғимараты жеке компанияға жалға берілгенін мәлім етті.

Оқушылардың бейнеүндеуі әлеуметтік желіде тарады. Онда олар ата-аналар мен оқушыларды мұндай заңсыз шешімге қарсы тұруға шақырды.

 

Алматы қалалық білім басқармасы Бостандық ауданы, «Нұр Алатау» ықшамауданындағы №189 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп ғимаратының бір бөлігін жалға беру мәселесіне қатысты жауап берді.

«Аталған білім мекемесін жалға беру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желіде тараған бейнеүндеуге қатысты мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деп жауап берді қалалық білім басқармасынан.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, Алматы құрылыс басқармасы мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін және сейсмикалық тұрғыда күшейту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылға жоспарланған.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version