Home Жаңалық Бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту 10 пайызға өсті

Бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту 10 пайызға өсті

0

Жаңа оқу жылында Алматы қаласының 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев айтты.

«Балалар жылында» бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту 10 пайызға өсті. Бұл бағытта Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының жұмысын атауға болады. Жаңа оқу жылынан бастап Алматы қаласы да 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтуды жоспарлап отыр», – деді Ғани Бейсембаев министрліктің аппарат жиналысында.

Оның атап өтуінше, «Оқуға құштар мектебі» республикалық жобасы аясында балалар арасында оқырмандар қозғалысы жандандырылды. Мектеп кітапханаларының кітап қоры 2,2 миллион дана жаңа көркем, балалар әдебиетімен жаңартылды. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы волонтерлік қозғалысқа серпін берілді. Үйде оқитын балаларға көмек көрсетуге 63 мыңнан астам еріктілер қатысты.

«5-11 сыныптарда жаңа оқу жылынан бастап азаматтықты, адалдықты, парасаттылықты, этиканы, медиасауаттылықты, қаржылық сауаттылықты қамтитын «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы енгізіледі», – деді вице-министр.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version