Home Жаңалық Республика күніне орай барлық мектепте салтанатты жиындар өтеді

Республика күніне орай барлық мектепте салтанатты жиындар өтеді

0

21 қазанда Қазақстанның барлық мектебі мен колледжінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтеді. Бұл туралыОқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Онда оқушылар мен студенттер әнұранды орындайды. Сол күні оқу озаттары марапатталып, барлық білім ордасында «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» тақырыбында республикалық сынып сағаты өтеді.

«Еліміздің білім беру ұйымдарында Республика күнін мерекелеу жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Республика күні – мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке. Бала кезінен бастап балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға баулу маңызды. Осы себептен еліміздегі барша оқушы үшін шығармашылық, танымдық, спорттық, мерекелік іс-шараларды жоспарлап отырмыз», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар 17 қазанда басталады. 1-4 сынып оқушылары арасында «Атамекен» тақырыбы бойынша бірыңғай жалпыхалықтық диктант өткізіледі. 5-11 сынып оқушылары арасында жалпыұлттық бірыңғай эссе байқауы өтеді. Ал жоғары сынып оқушылары, яғни 9-11 сынып оқушылары арасында «Мен өз елімнің азаматымын!» тақырыбында пікірсайыстар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар «Қыран елім – Қазақстаным!» жалпыреспубликалық патриоттық акциясы аясында кітап оқығыштар байқауын, спорттық сайыстарды және «Ұлттың ұлы ұстаздары» республикалық шығармашылық байқауын өткізу жоспарланып отыр.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version