Home Жаңалық Республика күні: Павлодарлық оқушылар мен студенттер ақшалай сыйақы алды

Республика күні: Павлодарлық оқушылар мен студенттер ақшалай сыйақы алды

0

Республика күні қарсаңында Павлодар облысының мектеп оқушылары мен колледж студенттері қомақты жүлделерге ие болды. Олар ақшалай сыйақы мен «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгілерін өңір басшысының қолынан алды.

Павлодар облысы әкімдігінен мәлім еткендей, дарынды балаларды қолдау мақсатында өңірде «Тәуелсіздік ұланы» премиясы тағайындалған. Жүлде иегерлеріне 50 АЕК немесе 159 мың теңге көлемінде сыйақы белгіленді.

Конкурсқа қатысуға 700-ден астам өтініш түскен. Жеңімпаздарды анықтау үшін тәуелсіз қазылар алқасы құрылып, нәтижісінде «Тәуелсіздік ұланы» премиясының 100 лауреаты анықталды. Бүгінде сол жеңімпаздар облыс әкімінің қолынан марапатқа ие болды.

Аймақ әкімі Әбілқайыр Сқақов премия лауреаттарын құттықтап, ел болашағының жастар қолында екенін тағы бір рет атап өтті.

«Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет» номинациясында белсенді азаматтық көзқарас үшін төрт мектеп оқушысы мен колледж студенті марапатталды, 20-дан астам павлодарлық өрен «Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқушылық-зерттеу жұмысы» аталымында жеңіске жетті. Тағы 20 адам спорттағы жетістіктері, кәсіби және шығармашылық шеберлігі үшін марапатталды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version