Home Жаңалық Студент құқығын қорғайтын омбудсмен пайда болады

Студент құқығын қорғайтын омбудсмен пайда болады

0

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын айтып берді.

«Қазір бізді жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі қатты алаңдатады. Ол үшін «Адалдық алаңы» компаниясымен бірнеше келісімге қол қойып отырмыз. Әр университетте қоғамдық қабылдау институты жандандырылып, әр студент, әр оқытушы жүгіне алатын қоғамдық қабылдау бөлмесі құрылды. Арнайы QR код арқылы ситуациялық орталықпен тікелей байланысуға болады. Егер студент немесе профессор жариялылықтан қорықса, QR-код арқылы министрлік жанынан арнайы құрылған орталыққа тікелей ақпарат жібере алады», – деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Ол Ғылым және жоғары білім министрі деңгейінде алғаш рет омбудсмен – студенттердің құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылғанын хабарлады.

«Студенттердің құқықтары жөніндегі уәкіл болып өте танымал қоғам қайраткері, ұзақ уақыт жастар саясаты саласында жұмыс істеген Айсұлу Ерниязова тағайындалды. Ол омбудсмен лауазымында менің кеңесшім болып тағайындалды. Мұны студенттерге хабарлау үшін үлкен науқан жүргізіп жатырмыз. Кез келген бұзушылық жеке тіркеліп, бақылауға алынады», – деді С. Нұрбек.

Сонымен бірге, министр сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды құралдарының бірі цифрландыру екенін айтты. Әр университетке жеке лауазым – цифрлық офицер бекітіледі.

«Әр университетте цифрландыруды мақсатты түрде жүйелі жүргізу үшін біз қабылдаудың барлық негізгі процестерін: сапаны тексеру, баға қоюды цифрландыратын цифрлық университет моделін әзірледік. Барлық дерек ұлттық білім базасына жиналады. Университеттің әрбір қадамы барынша ашық болады. Келесі жылдан бастап университеттердің барлық ақпараттық жүйелерінің ұлттық білім беру дерекқорымен интеграцияланғанын тексереміз», – деді ведомство басшысы.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version