Home Жаңалық Ақтөбе облысында жемқорлардан қайтарылған 197 млн теңге мектеп салуға жұмсалады

Ақтөбе облысында жемқорлардан қайтарылған 197 млн теңге мектеп салуға жұмсалады

0

Ақтөбе облысында сотқа дейінгі тергеу қорытындысы бойынша қыркүйекте жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі лауазымды тұлғалар 197 миллион теңге сомасында келтірілген залалды өтеді.

Облыс әкімдігінің келісімі бойынша Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылындағы проблемалы мектеп құрылысын аяқтауға көрсетілген соманы пайдалану жөнінде шешім қабылданды.

Құмжарған ауылында мектеп 2019 жылдың қаңтар айында ашылып, ескі мектепте (1974 жылы салынған) оқыған 54 отбасынан шыққан балалардың мәселесін шешу жоспарланған болатын.

Алайда, мердігер компанияның міндеттемелерін орындамауына және немқұрайлық танытуына байланысты мектеп іске қосылмаған.

Қазіргі уақытта нысанға жаңа мердігер тартылып, оны аяқтау үшін 150 миллион теңге бөлінеді.

Өтелген ақшалай қаражаттың бір бөлігі Ақтөбе қаласының аумағында еліміздегі ең ірі workout алаңдарының бірін салуға пайдаланылады.

Бұл балалардың бұқаралық спортының дамуына серпін береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Президенттің жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша өтелген ақшалай қаражатқа мектеп салу туралы тапсырмасын орындау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы түгелдей мектеп құрылысына жұмсалатынын айтқан болатын.

«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз», – деді Мемлекет басшысы.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version