Биыл мәдениет саласында білім беретін 3 жоғары оқу орнының студенттеріне ҚР Президентінің 43 стипендиясы берілуі мүмкін. Мәдениет және спорт министрлігі ашық талқыға шығарған стипендия бөлу туралы бұйрықта осылай жазылған.
«ҚР Президентінің 2022 жылға арналған стипендиясы жоғары оқу орындарына бөлінсін. Атап айтқанда, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына – 22, Қазақ ұлттық өнер университетіне – 15, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына – 6 стипендия ұсынылады. Осылайша, 2022 жылға ҚР Президентінің 43 стипендиясы беріледі», – деп көрсетілген құжатта.
Қоса кетейік, кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен биыл шетелде магистратура мен резидентурада оқуға 385 стипендия бөлінді.