Home Жаңалық Білім бағдарламаларының 60% кәсіби стандарттарға сай жаңартылды

Білім бағдарламаларының 60% кәсіби стандарттарға сай жаңартылды

0

Бүгінде білім беру бағдарламаларының 64 пайызы кәсіби стандарттарды ескере отырып жаңартылды.

Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім беру бағдарламалары кәсіби, аймақтық стандарттар мен атластарға негізделген. Білім беру бағдарламаларының 64 пайызы кәсіби стандарттарды ескере отырып жаңартылды. Бүгінде университеттер еңбек нарығында талап етілетін дағдыларды қалыптастыру үшін инновациялық және пәнаралық білім беру бағдарламаларын әзірледі.

Жоғары білім беру жүйесі мен еңбек нарығын одан әрі жақындастыру үшін алдын-ала болжам жасайтын кадрлар жүйесін енгізу жоспарлануда. Аймақтық университеттер әкімшілікпен және жергілікті корпоративті сектормен тығыз байланысады. Осылайша, аймақтық университеттер әр аймақтың экономикасы үшін жергілікті өсу нүктелеріне айналады. Жалпы, білім беруді дамытуға екі тең тарап – жұмыс берушілер мен академиялық қауымдастық қатысуы керек.

Бұл жүйе қажетті білім мен дағдыға ие кадрларды дайындау үшін болжау зерттеулерін қамтамасыз ететін «Мамандығым-болашағым» бағдарламасының негізі болады. Университеттерге өз білім беру бағдарламаларын дамытуға мүмкіндік берілген», – деді Қуаныш Ерғалиев.

Оның айтуынша, таяуда енгізілген өзгерістерге сай, енді университеттерге білім беру бағдарламалары мен олардың мазмұнын анықтау ісінде еркіндік беріледі.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version