Home Жаңалық Қазақстандық колледждерде ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер саны 3 мыңға дейін...

Қазақстандық колледждерде ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер саны 3 мыңға дейін жетті

0

Қазақстандық колледждерде ерекше білім беру қажеттілігі (ЕББҚ) бар студенттердің саны артты. Биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 1 100-ден астам ерекше бала түсті, бұл былтырмен салыстырғанда 300-ге жуық балаға артық.

Бүгінгі таңда қазақстандық колледждерде ерекше білім беру беру қажеттілігі бар 3 мыңнан астам бала оқиды. Ерекше студенттер санының артуы колледждердің кедергісіз қолжетімді болуы және жаңа нормативтік құқықтық құжаттарды қабылдау есебінен мүмкін болды.

«Мемлекет басшысы ел халқына Жолдауында білімнің қолжетімді және инклюзивті болуы керегін атап өткен еді. Техникалық және кәсіптік білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Оқу-ағарту министрлігі Мамандықтар мен біліктілік тізіміне өзгерістер енгізіп, ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін шектеулерді алып тастады. Әрине мамандардың медициналық қорытындысы бойынша еңбек қызметінің қандай да бір түрі студенттерге рұқсат етілу не етілмеуі ескерілді. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға әртүрлі преференциялар қарастырылған. Көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған балаларды колледждерге қабылдау әңгімелесу арқылы жүргізіледі, оларға жеке аудитория беріледі, сондай-ақ оларды педагог-ассистенттер алып жүреді.
Көру және есту қабілеті бұзылған колледж студенттері жоғарылатылған мемлекеттік стипендияны алуға құқылы. Яғни оның белгіленген мөлшері – 75%. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттермен жұмыс істейтін оқытушыларға қосымша ақы қарастырылған», – деді Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісов.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version