Қызылордалық студент күн сәулесінен қуат алатын орындықтар ұсынуда.
Өрікбай Саят – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 2-курс студенті. Ол жас болса да білім алушылар мен оқытушылардың жағдайын жеңілдететін жоба авторы. Саяттың бұл жобасы бүгінде университет ғимаратының алдында студенттерге қызмет етуде.
Менің жобам студенттерге таза ауада емін-еркін жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Жобаны әзірлеуге 1 жыл уақытымды арнадым. Ең алдымен темір каркас пен ағаштан орындығымыздың дизайнын жасап, Алматы қаласынан күн сәулелерін қабылдайтын қуаттағыш, порт секілді бөлшектерді алдырттық, – деді ол.
Жас ғалым бүгінде оның жобасына қаладағы мектептер мен оқу орындары қызығушылық танытып, ұсыныс жасап жатқанын айтады.