Оқу-ағарту министрлігі елімізде су тасқыны салдарынан қанша мектеп пен балабақшаның зардап шеккенін жария етті.
Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, республика бойынша су тасқыны салдарынан 26 орта және орта-техникалық білім беру ұйымы зардап шекті.
Бүгінде оның 11-і штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Зардап шеккен 26 ұйымның қатарында 1 балабақша, 1 колледж жатақханасы бар.
Ал қалғандары – мектеп.
Бұған дейін Атырау, Ақтөбе облыстарында барлық білім алушылар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында – ТЖ жарияланған елді мекендерде мектептерде ағымдағы және аралық бақылау тоқтатылғанын жазған едік.
Яғни тоқсандық баға қорытынды баға ретінде шығарылады.