ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасына сәйкес Мұнайлы ауданындағы №6-жалпы білім беретін мектепте аудиторлық тексеру жүргізген. Нәтижесінде қаржылық және процедуралық сипаттағы бірқатар бұзушылық табылды.
Атап айтқанда, жекелеген қызметкерлердің еңбекақысы артық төленген. Сондай-ақ, негізсіз қосымша ақылар мен сыйақылар аударылған. Оған қоса, іссапар тапсырмаларын орындамау және іссапар құжаттарын дұрыс ресімдемеу фактілері тіркелді. Осылайша, жалпы сомасы 26 миллион теңгеге әртүрлі заң бұзушылық анықталды.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша бюджет қаражатын өтеу және бухгалтерлік есепті қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ ҚР заңнамасын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау мәселесі тапсырылды.