Home Жаңалық NNEF қоры халықаралық білім алу мүмкіндігін қолжетімді ете түсті

NNEF қоры халықаралық білім алу мүмкіндігін қолжетімді ете түсті

0

«Мирас» халықаралық мектептерінде дарынды балаларды гранттар бағдарламасы бойынша оқытуға «Халық» қайырымдылық қоры мен «NNEF» қоғамдық қоры қолдау көрсетеді. Биыл конкурсқа 557 үміткер өтініш берді, олардың 109-ы алдын-ала іріктеуден өтті, ал 52 студент IB дипломдық бағдарламасы бойынша оқуға қызығушылық танытты.

Оқуға түсу үшін қандай конкурсты еңсеру керек?

Астана және Алматы қалаларындағы «Мирас» мектептерінде Халықаралық Бакалавриат (IB) бағдарламалары бойынша оқу үшін білім беру гранттарының конкурсы 2021 жылдан бастап өткізіліп келеді. Оның ұйымдастырушылары «Халық» жеке қайырымдылық қоры мен «NNEF» қоғамдық қоры талантты жастар мен толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балалардың сапалы халықаралық білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатын қойды.

Қандай гранттық бағдарламалар бар?

2021 жылдан 2023 жылға дейін гранттық бағдарлама конкурсына Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 9-11 сыныптардың 426 оқушысы қатысты. Нәтижесінде «Мирас» мектептерінде оқуға 53 грант бөлінді, оның 12-сі «Халық» қайырымдылық қорымен толық қаржыландырылды.

Алматы қаласындағы «Мирас» мектебінің Дипломдық бағдарламасы үйлестірушісі Игорь Гуральниктің айтуынша, гранттық қолдау мектепке аталған бағдарлама бойынша қаржылық көмексіз білім алуы мүмкін емес дарынды балаларды қабылдауға септігін тигізді.

«Көбінесе грант бойынша оқуға түсетін балалар жаратылыстану ғылымдарын таңдайды, сондықтан мұндай балаларды қабылдау мектептің Дипломдық бағдарламасының пәндік «ландшафтын» жаратылыстану және техникалық ғылымдарға қарай бұруға мүмкіндік берді», — дейді Игорь Гуральник.

2023-2024 оқу жылында екі «Мирас» мектебінде гранттық бағдарлама бойынша 35 студент оқып, білім алып жатыр. Олардың ішінде 15 студент екінші және үшінші оқу жылын жалғастырып жатқандар.

IB Дипломдық бағдарламасының артықшылықтары қандай?

Халықаралық Бакалавриат дипломдық бағдарламасы (IB DP) 1968 жылы құрылған. Ол 16-19 жас аралығындағы студенттерге арналған. IB DP әлемнің 100-ден астам елінде 5000 университеттің мойындауына ие. Бұл бағдарламаның түлектері, мысалы, Advanced Placement (AP) және A-level сияқты басқа білім беру бағдарламаларының түлектеріне қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие. Олар:

1) Бағдарлама тек академиялық жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар эмоционалды және әлеуметтік құзыреттілікті дамытуға бағытталған, бұл жеке тұлғаның креативтілік, әрекет ету және қызмет ету (CAS) тұрғысынан жан-жақты дамуына ықпал етеді.

2) Бағдарлама материалдарды терең түсінуді және талдауды қажет етеді: бұл студенттерге кез-келген академиялық немесе кәсіби контексте пайдалы таным теориясы (TOK), кеңейтілген эссе (Extended Essay) сияқты аналитикалық және сыни ойлау дағдыларын дамытуға көмектеседі.

3) Бағдарлама өзін-өзі ұйымдастыру, уақытты басқару және өз бетімен оқу дағдыларын дамытады.

4) Бағдарлама студенттердің мәдениетаралық түсіністігі мен жаһандық хабардарлығын дамытуға бағытталған және оларды халықаралық ортада білім алуға дайындайды және т. б.

Түлектердің пікірі

Фото: «Мирас» мектебінің баспасөз қызметі

2021 жылғы 100% гранттың алғашқы иегері атанған түлектердің бірі — Әйгерім Аманғалиева.

«Мен мектепте үш жыл бойы білім алдым. IB білім берудің басты құндылығының бірі — өзге халықтар дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын түсіну және құрметтеу арқылы сіз өз тамырыңыз бен мәдени мұраларыңызды тереңірек түсініп, бағалай бастайсыз. Мұнда бізді кез-келген оқиғаны, фактініні, ақпаратты талдай білуге, сыни тұрғыдан ойлауға, негізді шешімдер қабылдауға және қоршаған әлемді тереңірек түсінуге үйретті. Дипломдық бағдарлама бойынша оқу — ауыр еңбек, сондықтан алынған нәтижеге зор қанағат сезімі пайда болады», – дейді Дипломдық бағдарлама түлегі Әйгерім Аманғалиева.

Фото: «Мирас» мектебінің баспасөз қызметі

Алькен Қайшыбаева IB бағдарламасын темірдей тәртіпке баулитын, әрі студенттерді университет өміріне дайындайтын сынақ ретінде сипаттайды. Ол мақсатқа ұмтылғыш пікірлес студенттердің ортасында болу мен оқу процесін қызықты әрі уәждемелі ете түстетін оқытушылардың кәсіби шеберлігі маңызды екенін атап көрсетеді. IB курстастарымен қарым-қатынас жылы да жайлы, бірақ мұнымен қоса бәсекеге қабілетті атмосферада өсуге мүмкіндік береді.

Фото: «Мирас» мектебінің баспасөз қызметі

«Мен АҚШ, Франция, Қытай елдерінің бес университетінен шақыру алдым, олардың төртеуі маған толық оқу грантын ұсынды. Мен әлемдік жетекші математикалық мектептің бірі — Париждегі Ecole Polytechnique (математика бойынша үздік 14 және жалпы критерийлер бойынша үздік 38) таңдадым. Мен осындай беделді бағдарлама бойынша дайындықтан өтуге көмектескені үшін мұғалімдеріме алғыс айтқым келеді. Осы екі жыл ішінде менде математика және экономика бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысуға, белсенді қоғамдық қызмет атқаруға мүмкіндік туды», – дейді «Мирас» халықаралық мектебінің оқушысы Назар Беркімбай.

«Грант иеленген жастар оқуда керемет нәтижелер көрсететіні қуантады. Мұнымен қоса, оларға тек мектептің өзі ғана баға бермейді. Оқушылар халықаралық олимпиадаларда, жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, алтын медальдарға қол жеткізеді. Бұл жобаның шын мәнінде маңызды және үлкен мәнге ие екендігінің дәлелі», – дейді «Халық» қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шүңкеев.

Түлектердің жетістіктері

«Мирас» мектептерінің дипломдық бағдарламасы — Орталық Азия өңіріндегі ең көп уақыт іске асырылып келе жатқан бағдарлама. 2022 жылдан бастап түлектердің саны 227 студентке жетті. Оларды әлемнің үздік университеттері оқуға қабылдады. Атап айтқанда, Harvard University, University of Cambridge, London School of Economics and Political Science (LSE), Princeton University, University of California, Berkeley, King’s College London, University of Toronto, McGill University, The Hong Kong University of Science and Technology және басқалары бар.

Биыл «Мирас» екі мектебінен барлығы 80-нен астам студент оқу бітіреді, оның ішінде 38 оқушы дипломдық бағдарлама (IB DP) түлегі. Олардың барлығы DP қорытынды емтихандарын сәтті тапсырып, әлемнің жоғары дәрежелі университеттеріне, соның ішінде University of California, University of San Diego, Boston University, The Pennsylvania State University, University of Warwick, King’s College London, University College London, University of Arts London, Manchester University, University of Birmingham, Ecole Polytechnique in Paris, University of Toronto, Penn State University, Georgetown Qatar, University of Connecticut, Sapienza university of Rome, De Monford University және басқаларға шақыру алды.

2016 жылы «Халық» қоры құрылғаннан бері оның құрылтайшылары Тимур мен Динара Құлыбаевтар 300 миллион теңгеден астам сомаға білім беру гранттарын қаржыландырды. Қор өз стипендиаттарын жаңа биіктерге шабыттандыруға, халықаралық деңгейдегі сапалы білім алуға көмектесуге ұмтылады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version