Home Жаңалық ДосболLIKE: мектеп оқушыларының құқығы қалай қорғалады

ДосболLIKE: мектеп оқушыларының құқығы қалай қорғалады

0

Антибуллингтік бағдарлама 50 мектепте пилоттық режимде жұмыс істеп тұр

2027 жылға қарай елде балалар саны 8 миллионға жетеді. Мұндай болжамды Оқу-ағарту министрлігі жасап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бала санының ұлғаюына байланысты балабақша мен мектептегі орын тапшылығы өзекті болмақ. Қазір республика бойынша 7 мыңнан астам мектепте 3 миллион 800 мың бала білім алып жатыр. Оқу ошақтарындағы орын жетіспеушілігін жою үшін «Жайлы мектеп» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

– Жоба толық жүзеге асса, жоғарыда аталған мәселелер толық шешімін табады. Бұл шаралар балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Насымжан Оспанованың айтуынша, елде антибуллингтік бағдарлама іске асырылып жатыр. «ДосболLIKE» деген қосымша Қазақстандағы 50 мектепте пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Комитет төрағасының айтуынша, бұл – балалар үшін қауіпсіз және қолдау көрсететін оқыту ортасын құру жолындағы маңызды қадам.

– Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Сынақтан сәтті өтсе,  «ДосболLIKE» бағдарламасын ел аумағында тарату жоспарлануда. Аталған бағдарлама арқылы әрбір бала өзін қауіпсіз сезіне алады, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version