Қызылорда облысы Арал ауданында мектеп есепшісіне бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр, – деп хабарлайды KAZBILIM порталы Аlmaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Ол алты ай бойы өз есепшотына негізсіз қаржы аударған деген күдікке ілінген. Соның салдарынан мемлекетке келген шығын 16 миллион теңгеге жуық.
«Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі бар. Сол жерде болған мәліметтерге байланысты мұғалімдердің қаражаты белгілі болады, егер артық қаржы аударғаны көрінсе, тексеру жұмыстарын жүргіземіз», – деді Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ерболат Күзембаев.