Home Жаңалық Ғалымға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Ғалымға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

0

Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Марапат иелерінің қатарында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушылар мен еріктілер бар.

Отандық ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін:

  • Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ вице-президенті «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары дәрежелі ерекшелік белгісімен марапатталды. Ол отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері және қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін жоғары марапатқа ие болды.

Педагогика саласындағы үздік жетістіктері үшін:

  • Гүлжанар Молдакерімқызы Нұрпейісова – Алматы қаласындағы «№ 4 арнайы мектеп-интернат» КММ мұғалімі.
  • Эльмара Асқарқызы Траисова – Орал қаласындағы «Асан Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназия» КММ мұғалімі.

Бұл екі ұстаз Қазақстан тарихында алғаш рет педагог ретінде «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды. Олардың әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері жоғары бағаланды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version