Home Керекті кеңес Кешенді тест-2014 жалпы қортынды

Кешенді тест-2014 жалпы қортынды

0

Биылғы кешенді тестілеуге 84 490 талапкер қатысты. Тестілеу республика аумағында орналасқан 42 орында өткізілді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлімдеді.
«Тестілеуге қатысуға 87 060 өтініш берілген. Оның ішінде мектеп түлектері – 16 407, жалпы орта білімнен кейін (11 класс) түскен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері – 22 236, негізгі білімнен кейін (9 класс) түскен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері – 48 417 өтініш білдірген», – деді Т.Балықбаев.
Кешенді тестілеу 19-22 шілде аралығында 42 тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалық жоғары оқу орындары), оның ішінде 3 ұлттық өнерге қатысты жоо және 3 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты жоо-да өткізіді.
Кешенді тестілеуге өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері мен техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының түлектері; және ҰБТ-ға қатыспаған шетел оқушыларымен халықаралық алмасу желісі бойынша білім алған жалпы білім беретін мектептердің түлектері қатысты. Сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің түлектері мен республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың түлектері, шетелде оқу орнын аяқтаған түлектер де тестілеудің осы түрі бойынша сынақтан өтті.
Министрліктің таратқан ақпараттарына сүйенсек, тестілеу барысында 46 829 рұқсат етілмеген заттар (ұялы телефондар, шпаргалкалар, калькуляторлар) тәркіленген. Сондай-ақ, басқа адамдардың орнына кірген 144 тұлға анықталған. Жалпы, кешенді тест қатысушыларының пікірінше тестілеу жақсы ұйымдастырылған деңгейде өткен.
«Кешенді тестілеу кезінде ең жоғары 100 баллға 9 талапкер қол жеткізді. Атап айтсақ, Ерлан Таттығалиев (Алматы қ.), Руслан Букатаев (Ақтөбе қ.), Бауиржан Асанов (Шымкент қ.), Жанна Кабашова (Өскемен қ.), Әділет Құсаинов (Алматы қ.), Тыныштық Садықова (Семей қ.), Ермахан Құлтаев (Тараз қ.), Гүлдана Асылханова (Павлодар қ.), Бабақ Жібек (Тараз қ.) тәрізді қатысушылар бар», – деді Т.Балықбаев.
Жалпы осы жылы орташа балл 44.9% құрады. 50 балл шекті деңгейге 56 019 (66,303 %) түлек қол жеткізе алмады. Кешенді тест тапсырғандарда алдағы күндері өздері қалаған мамандықтарын талдайтын болады,.
Ескерте кетейік, білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін кем дегенде 50 балл және Ұлттық ЖОО-ларға түсу үшін кемінде 70 балл, соның ішінде бейіндік пән бойынша 7, ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинау қажет. Гранттар ҰБТ мен АКТ сертификаттарының баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

kazbilim.kz

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version