Home Жаңалық Ғылым тілі қазақша сөйлемей тіліміз өркендемейді

Ғылым тілі қазақша сөйлемей тіліміз өркендемейді

0

ХХ ғасыр басында Алаш қайраткерлері “Ғылым тілі қазақша сөйлемей тіліміз өркендемейді“ деген ұстанымда болған еді. Сол ниетпен әрқайсысы бір-бір ғылымды мойындарына алып қазақша оқулықтар жазып кетті.

Жүсіпбек Аймауытұлы психологияны, Мағжан Жұмабайұлы педагогиканы, Қаныш Сәтбаев алгебраны, Әлімхан Ермеков арифметиканы, Мұхтар Әуезов әдебиет тарихын, Мұхаметжан Тынышбаев тарихты, т.б. қайраткерлер әр сала бойынша қазақша ғылымның негізін қалады. Бірақ кеңестік саясат олардың өздерімен бірге сөздерін де репрессияға ұшыратты. Бүгінгі қазақ тілінен орыс тілінің басым болып тұрғаны да сол ғылым тілінің кесірі. Технологиялық, ақпараттық тіліміз қазақшаланбай осы кеткеніміз кеткен.

Ұлт болып ойланатын мәселе!!!

Серікзат Дүйсенғазы. Айтыскер ақын.
Жазба автордың фб – әлеуметтік желсінен алынды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version