«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Бұл – әйгілі орыс педагогі К.Д.Ушинскийдің сөзі. Шындығында да, ұстаздар үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық шыңдалу үстінде болатын ұлағатты жандар. Себебі олар бір орында тұрған судың бұзылып кететінін біледі, сондықтан да әрдайым жаңалыққа ұмтылады, жетістікке жетеді. Бүгінде өзінің еңбек жолында бірнеше белесті бағындырған ұстаздар баршылық. Осы орайда Martebe.kz Республикалық білім сайты «Ізденіс жолы» қоғамдық қорымен бірлесіп Республикалық «Ең үздік 20 мұғалім» байқауын ұйымдастыруда.
Республикалық «Ең үздік 20 мұғалім» байқауы – бойында озық тәжірибе мен білім берудегі нағыз педогогикалық шеберлік біте қайнасқан білікті ұстаздарымыздың еңбегі бағаланатын шығармашылық орта. Байқау шығармашылықпен жұмыс істейтін, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетті игерген жан-жақты дамыған, жоғары интеллектуалды деңгейдегі дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында қолға алынды.
Ұстаздардың еңбек өтілі, өз жетістіктері мен шәкіртінің жетістіктері басты назарға алынатын бұл байқауға қатысуға үмңткерлер әр айдың 1 мен 30 аралығында өз жұмыстарын ұсына алады. Әр айда озық шыққан ұстаздар дауыс беру арқылы анықталады. Сайыстың қорытындысы мамыр айында шығады. Республика ұстаздарының ішіндегі белсенділігі, креативтігі, өзінділігі, шығармашылық ізденісі үздік деп танылған жеңімпаздар арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады.
Әсел Сарқыт
Әй ,бәрекелді ұстаз мерейі осындайдан арттады!
Бұл мұғалімдер үшін таптырма мүмкіндік . Шабытына шабыт қосылсы нұр ғой”
Мен осы порталды тапқаныма өте қуаныштымын. Осы ұжым мүшелеріне тек шығармашылық өрлеу тілеймін. Мен осы порталмен біргемін. Өз үлесімді қосуға дайынмын.Рахмет!