Home Ахметтің 40 мысалы Ахмет Байтұрсынұлы. Сары шымшық

Ахмет Байтұрсынұлы. Сары шымшық

0

Мақтанып сары Шымшық шалқып-тасты,
«Теңізді өртеймін!» деп лақап шашты.
У-шу боп, бұл хабарды естіген соң,
Теңізді тастап, құстар үркіп қашты.

Таң қалып, «тамашаны көреміз» деп,
Алыстан андар келді әдейі іздеп.
Адам да түс-тұс жақтан келе жатыр,
Лек-лекбоп, топ-тобымен мыңдап, жүздеп.

Есепсіз теңізге көп халық келді,
Шымшық «теңіз өртейд!» деп нанып келді.
Балық жеп, сорпа ішіп тойынбаққа,
Аш пенен көбінесе арық келді.

«Бір соғым пұлсыз астан» дейтіндер де,
Қасығын қолдарына алып келді.
Үңіліп, суда болып назарлары,
Сыйып тұр жағалауға азар бәрі.

Теңізді жанады деп кім естіген?
Көрмекте соны жұрттың ынтызары.
Сары Шымшық мақтанды ма, ойнады ма,
Кім білсін, күйдірем деп ойлады ма?
Теңізге от салғанмен, жана қоймас,
Десеңші: «Тым болмаса, қайнады ма?».

Ол теңіз, күймек түгіл, қайнаған жоқ,
«Жұрт неге келді» деп те ойлаған жоқ.
«Қап, бәлем, тоқтай тұр!» – деп Шымшық қайтты,
Теңізге тісін басып қайраған боп.

* * *
Кейбіреу қолдан келмес істі ойлайды,
Мақсаты оныменен тұс болмайды.
«Ұялған тек тұрмайды» деген рас,
«Қап, бәлем, тоқтай тұрмен» жұртты алдайды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version