4-5 ақпан күндері Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде «Химия пәнінен олимпиадалық есептер шығарту арқылы оқушылардың ғылыми ойлау өресін дамытып, логикалық ойлау өресін жетілдіру» – атты қала мектептерінің химия пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік курсы өтеді.
Шеберлік курстың негізгі мақсаты Астана қаласының ұстаздар қосынын нығайту, дарынды оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындауда жүйелі, сапалы дайындық жүргізудің негізгі іс-тәжірибесімен бөлісу.
Аятжан Ахметжан жас болса да, соңғы үш жылда химия пәнінен қырықтан астам аудандық, жиырмадан астам қалалық, төрт республикалық, бір халықаралық олимиада жеңімпазын тәрбиелеген Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің химия пәні мұғалімі.
Шеберлік курсқа қатысам дейтін барлық химия пәні мұғалімдеріне есік ашық.
Шеберлік курстың өтетін орны: Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі. Сарыарқа көшесі, 20.
Уақыты: 2015 жылы 4-5 ақпан.
Байланыс телефоны: Аятжан Ахметжан (8702 – 931 8008)